Бұл — үй жағдайында OCBR және CV4 мануалды терапия техникаларын қайталайтын қатты жастық. Күніне 10–40 минут қолдану ағзаның физикалық жағдайын жақсартады. Мойын бұлшықеттерін босаңсытып, олардағы ширығу мен спазмды басады. Мойын омыртқасының С-тәрізді иілісін қалпына келтіреді. Қан айналымы мен жұлын сұйықтығының циркуляциясын стимуляциялайды, бұл орталық жүйке жүйесіне оң әсер етеді.
БЕЙНЕШОЛУ
KANUDA®-ның негізін қалаушы доктор Ким Хи-Су басқа арналған нэптің ерекшеліктері туралы айтады
Нэптің патенттелген пішіні краниосакралды терапия техникаларын қайталай отырып, дәрігердің манипуляцияларын дәлме-дәл жаңғыртады.
OCBR ТЕХНИКАСЫ
Немесе, басқаша айтқанда, бас сүйегі негізінің шүйде бөлігін босаңсыту. Мойын бұлшықеттерін босаңсытып, олардағы ширығу мен спазмды басады. Сондай-ақ омыртқаның мойын бөлігінің дұрыс С-тәрізді иілісін қалпына келтіруге көмектеседі.
CV4 техникасы
Немесе, басқаша айтқанда, сопақша мидың IV қарыншасының компрессиясы. Қан айналымы мен жұлын сұйықтығының айналымын стимуляциялайды, бұл орталық жүйке жүйесі мен ұйқыға оң әсер етеді.
Омыртқаларды тіреу
Мойын омыртқаларын дұрыс қалыпта бекітеді.
ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК?
Ағзаның физикалық жағдайын жақсарту үшін нэпті күніне 10–40 минут пайдаланыңыз.
№1 ТӘСІЛ — OCBR ТЕХНИКАСЫ
Бұл тәсіл OCBR техникасын қайталайды. Оның негізгі міндеті — мойын бұлшықеттерін босаңсытып, оған дұрыс иіліс беру. Нэптің қырлы сызығы дәл шүйде мен мойын шекарасында орналасып, бұл аймаққа әлсіз қысым жасауы керек. Бұл ретте шүйде нэп бетінен 1 см көтеріліп, бас пен мойын босаңсуы тиіс. Мұндай қалыпта жағдайға байланысты 5-тен 20 минутқа дейін жату қажет.
№2 ТӘСІЛ — CV4 техникасы
Бұл тәсіл CV4 техникасын қайталайды. Оған OCBR техникасы бойынша сеанс аяқталған соң бірден көшу керек. Негізгі міндеті — жұлын сұйықтығының айналымын стимуляциялау, бұл орталық жүйке жүйесіне оң әсер етеді. Бас 2-3 см ығысқанда мойын бұлшықеттеріне түсетін қысым әлсіреп, шүйдеге түсетін қысым, керісінше, күшеюі тиіс. Бұл қалыпта хал-жағдайыңызға қарай 20-дан 30 минутқа дейін жату қажет.
КЛИНИКАЛЫҚ ТҮРДЕ ДӘЛЕЛДЕНГЕН
Басқа арналған KANUDA® нэпінің тиімділігі Кореяда жүргізілген клиникалық сынақтармен расталған
Мойын иілісін түзетеді
Сол жақта «тасбақа мойын» синдромы бар адамның рентгенографиясы). KANUDA® функционалды жастығын 3 ай бойы қолдану оң жақтағы рентгенографияда көрініп тұрғандай, омыртқаның мойын бөлімінің табиғи C-тәрізді иілісін қалпына келтіруге ықпал етті.
Қан айналымын жандандырады
Сол жақта — адамның қалыпты күйдегі дене температурасының суреті. Дене температурасы оның әр бөлігінде әртүрлі екенін көреміз. Оң жақтағы сурет KANUDA® жастығын 30 минут пайдаланғаннан кейін түсірілген. KANUDA®-ны қолдану бүкіл дененің, әсіресе бас, мойын және кеуде қуысы аймағының қан ағымын жақсартуға ықпал еткені анық
Ми белсенділігін жақсартады
Сол жақта — адамның KANUDA® пайдаланғанға дейінгі электроэнцефалограммасы. Онда жиілігі жоғары ми толқындарының басым екені көрінеді. KANUDA® функционалды жастығын қолдану ми толқындарының жиілігін тұрақтандыруға ықпал етті, бұл парасимпатикалық жүйке жүйесін белсендіру арқылы тезірек ұйықтап кетуге және терең ұйқыға түрткі болады.
KANUDA® — №1 ТАҢДАУ
KANUDA® Корея физиотерапевттер қауымдастығы ұсынған, сертификатталған және №1 бренд деп танылған